2025 жылғы 27-28 қараша

«Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Конференция туралы

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылау, тәжірибе алмасу және биологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында 2025 жылғы 27-28 қарашада Астана қаласында «Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.


Аталған Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерді талқылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық жетістіктерімен алмасу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру алаңы болмақ.

Конференцияға қатысуға биологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, микробиология, фармацевтика және өзге де іргелес салаларда жұмыс істейтін халықаралық сарапшылар, ғалымдар, академиялық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен өндіріс компаниялары шақырылады.


Конференция аясында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық шешімдерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қамтитын келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізу көзделген:

  • 1-секция. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды, сыртқы және басым ішкі биологиялық қауіп-қатер көздерін мониторингілеу
  • 2-секция. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын анықтауға арналған диагностикалық құралдарды әзірлеудің заманауи тәсілдері
  • 3-секция. Инфекциялық ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттарды әзірлеудің технологиялық трендтері
  • 4-секция. Микроорганизмдердің дәріге төзімділік проблемалары және оны шешу жолдары.

Сонымен қатар, Конференция аясында ғылымды қажетсінетін өнімдер көрмесі, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары және тәжірибе мен идеялар алмасуға арналған нетворкинг-сессиялар өткізу жоспарлануда.

Бас демеушілер
Демеушілер
Байланыстар:
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:

Сихаева Нургуль Сабержановна

+7 775 777 25 96

n.sihaeva@qbp-holding.kz

Дюсенбекова Акбота Сабырхановна

+7 747 585 36 29

a.dyusenbekova@qbp-holding.kz

Бекешева Құралай Бақытнұрқызы

+7 701 404 02 06

k.bekesheva@qbp-holding.kz


көрме мәселесі бойынша:

Каналин Жанболат Жамбылович

+7 701130 60 10

zh.kanalin@qbp-holding.kz


демеушілер мәселесі бойынша:

Данебаев Асхат Болатханович

+7 777 889 68 41

a.danebaev@qbp-holding.kz

Made on
Tilda